Ақтаулық кинолог халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды

285

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының кинологтары Беларусь Республикасының Могилев қаласында Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің XXIV ашық чемпионатына қатысты. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь елдерінен 64 әскери қызметші қатысты.

Үш күн бойы оқыту мамандары иттермен бірге кедергілерден өту курстарынан өтіп, жалпы дайындық курсы бойынша жаттығулар кешенін, сонымен қатар жарылғыш заттарды, есірткі және психотроптық заттарды іздестіру, құқық бұзушыны ұстау, объектілерді іздеу бойынша тапсырмаларды орындады. Жарыс қорытындысы бойынша жеке есепте Ақтаудағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, сержант Еркебұлан Жолдасов «Босс» қызметтік иті арқылы есірткіні іздеу жарысында екінші орын иеленді. Сапар аясында шетелден келген қонақтар Могилев қаласында орналасқан 6713 әскери бөлімінің базасында Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің кинологиялық орталығының жұмысымен танысты. Қатысушыларға қызметтік иттерді қандай жерде ұстайтындарын көрсетіп, олардың санын көбейту және асылдандыру жұмыстары қалай жүргізілетіні айтылды. Халықаралық жарыстарға қатысқан кинологтар өзара тәжірибе алмасты. Бұл қызметтік иттерді даярлау деңгейін одан әрі арттыруға мүмкіндік бермек.

Алдыңғы пост
Ғабит Сыздықбеков алғашқы жұмыс күнін тұрғындарды қабылдаудан бастады
Келесі пост
«Әжемді сағындым»: Шымкентте 10 жасар бала жоғалып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu