Чарльз III корольдік резиденцияларда фуэ-граға тыйым салды

5,898

Британ королі Чарльз III барлық корольдік резиденцияларында үйрек немесе қаз бауырынан жасалған тағамдарды (фуа-гра) әзірлеуді доғаруды бұйырды. Корольдің пайымдауынша, фуа-градан жасалатын ас түрлері жануарларды қинауға байланысты дайындалуы этикалық күмәнді болып саналады. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.

Жануарларға этикалық тұрғыдан қарайтын адамдар (PETA) алған хат фуа-граға тыйымының барлық корольдік резиденцияларға, соның ішінде Балморал, Сандрингем, Виндзор сарайы, Гиллсборо мен Букингем сарайына қатысты екенін растайды.

«Құстарды күштеп тамақтандырудың азапты бейнелері кез келген адамның жиіркеніш сезімін тудыратыны рас», – деді PETA UK вице-президенті Элиз Аллен. Ол басқаларын да Чарльз III-нің жолын ұстануға шақырды.

Фуа гра өндіру үшін үйректер мен қаздар бауырлары қалыпты мөлшерінен он есеге дейін ісінгенше шамадан тыс майлы тамақпен қоректенеді, содан кейін сойылады.

Ұлыбритания королі Чарльз фуа-граны пайдаланудың ұзақ уақыт бойғы қарсыласы, оны өзінің иелігіндегі аумақта фуа-граны қолдануға он жылдан астам уақыт бұрын тыйым салған. Ұлыбританияда фуэ граны өндіруге тыйым салынғанымен, оны сатуға немесе импорттауға рұқсат бар.

Жаңа монарх бұрыннан экологиялық өмір салтын және ауыл шаруашылығындағы әл-ауқаттың жоғары стандарттарын қолдаушы ретінде танымал. Өзінің айтуы бойынша, Чарльз көлігіне жанармай орнына биомасса қүйып, табиғатта ағаштармен сырласып, сөйлесетін көрінеді.

Алдыңғы пост
FIFA Катардағы әлем чемпионатының стадиондарында алкогольды сыра сатуға тыйым салды
Келесі пост
СҚО-да 5 млрд теңгенің жаңа құс фабрикасы іске қосылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu