Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасының жаңа жобасын мақұлдады. Бағдарламаның басты шарты, Қазақстандықтардың табысының жеткілікті деңгейде болуы.
Жалпы, “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың екінші жылында тұрғын үй құрылысына түрлі көздерден 3,3 трлн теңгеден астам инвестиция салынды, деп хабарлайды ELITAR.KZ.
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар үшін “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “5-20-25” бағыты бойынша қосымша конкурс ағымдағы жылдың 20 маусымы мен 10 шілдесі аралығында өткізілетін болады.
Өтініш тұрғын үй кезегіндегі барлық азаматтардан, сондай-ақ мүгедек балалары, көп балалы және толық емес отбасылары бар немесе тәрбиелеп отырған азаматтардан “Бақытты отбасы”бағдарламасы арқылы қабылданады. Өтініш беру порталда қолжетімді Otbasybank.kz.
Пәтерлер Тұран шағынауданында орналасқан №46, №47 және №48 12 қабатты тұрғын үйлерде орналасқан. Бір бөлмелі пәтерлердің жалпы саны 18 құрады. Ең үлкен бір бөлмелі пәтердің ауданы шамамен 33 шаршы метрді құрады.
Айта кету керек, конкурсқа қатысушылар үшін бастапқы жарна жинақ шотының 20%–., ал “Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша қатысушылар үшін-ипотека сомасының кемінде 10% -. құрауы тиіс. Конкурсқа қатысушыларға ипотекалық несие 5 пайыздық мөлшерлемемен ресімделеді.
“Бақытты отбасы” бағдарламасы бойынша көп балалы аналар, толық емес отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар санаттары, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе “Батыр Ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана данкі” ордендерімен наградталған адамдар қатыса алады.
Бағдарлама жобасының негізгі мақсаты-халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру. Айта кетейік, қазіргі уақытта Шымкентте 40 мыңнан астам адам баспанаға кезекте тұр. Сонымен қатар, ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен отбасылар жалдау бағдарламалары бойынша баспана ала алады.
Еліміздің үшінші мегаполисінде “Қамқор”бағдарламасы іске қосылды. Оған келесі мамандар қатыса алады: дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер және энергетика саласының мамандары. Qamqor бағдарламасы басқа жобалар аясында тұрғын үй сатып ала алмаған азаматтарға арналған.