407
Шымкентте 3 жасар қыз көпқабатты үйдің 5-ші қабатынан құлап кетті.
Бүлдіршін жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің оның жағдайы орташа ауыр деп отыр.
Қалалық ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға кеше, 28 мамырда күндізгі уақытта болған. Бұл туралы төтеншеліктерге сағат 15:00-де жедел жәрдем қызметіндегілер хабарлаған.
Оқиғаның орын алу себебін полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Төтенше жағдай департаментіндегілер шымкенттіктерге балаларыңыз үйде ұйықтап жатса да қараусыз қалдырмауға кеңес береді.