Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр жыл соңына қарай Қазақстанда аурухана мекемелерінің саны 818-ді құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,8% артық.
Ауруханалардың ең көп саны Шымкент қаласында – 88, ең азы Ұлытау облысында – 11. Сондай-ақ 2022 жыл соңындағы барлық мамандықтағы дәрігерлердің саны 79 409 адамды құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1,5% өсті. Өңірлер бөлінісінде дәрігерлердің ең көп саны Алматы және Астана қалаларында, тиісінше 13 859 және 9 937 дәрігер.
10 мың адамға шаққанда дәрігерлер санының қатынасы Астана қаласында ең көп – 73,4 маманнан, одан әрі Алматы қаласы – 64,1. Үштікте Қарағанды облысы да бар, онда 10 мың адамға 50,3 дәрігерден келеді. Дәрігерлердің халық санына шаққандағы қатынасы Алматы облысында ең аз – 10 мың адамға 23 дәрігер.