Шымкент еліміз бойынша аурухана саны көп өңірлер көшін бастады

Теги: , , ,
262

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр жыл соңына қарай Қазақстанда аурухана мекемелерінің саны 818-ді құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,8% артық.

Ауруханалардың ең көп саны Шымкент қаласында – 88, ең азы Ұлытау облысында – 11. Сондай-ақ 2022 жыл соңындағы барлық мамандықтағы дәрігерлердің саны 79 409 адамды құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 1,5% өсті. Өңірлер бөлінісінде дәрігерлердің ең көп саны Алматы және Астана қалаларында, тиісінше 13 859 және 9 937 дәрігер.

10 мың адамға шаққанда дәрігерлер санының қатынасы Астана қаласында ең көп – 73,4 маманнан, одан әрі Алматы қаласы – 64,1. Үштікте Қарағанды облысы да бар, онда 10 мың адамға 50,3 дәрігерден келеді. Дәрігерлердің халық санына шаққандағы қатынасы Алматы облысында ең аз – 10 мың адамға 23 дәрігер.

Алдыңғы пост
TikTok-та құмар ойындарды ұйымдастырғандар сотталды
Келесі пост
Трассада жол мекемесінің жұмысшысын көлік қағып, мерт қылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu