410
Ақтөбеде жас жігіт әкесінің айлығын құмар ойынға салып, жеңіліп қалған. Қолындағы бар ақшасын айырылған ол өз-өзіне қол салды.
Полиция бөліміне өз үйінде өзіне қол жұмсаған жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. 23 жастағы тұрғынның букмекерлік кеңседе қомақта ақша ұтылғаны белгілі болды. Салдарынан жас жігіт өмірімен қоштасқан.
Polisia.kz жазуынша, жас жігіт бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын құмар ойынған салып ұтылғаннан кейін барған. Жарты жыл ішінде ол құмар ойындарда 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылған. Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, содан кейін букмекерлік кеңселерде ақша тігумен жалғасқан.