Шымкентте өмірге қауіпті энергетикалық сусындар өндіріліп келген

Теги: , ,
316

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіндегілер бизнес құқықтарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында танымал энергетикалық сусын шығаратын жасырын цехтың қызметін  тоқтатты.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарымен және сауда маркасының құқық иеленушінің өкілдерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында: 21 мыңнан астам құты контрафактілік сусынның дайын өнімдері табылды. Сонымен қатар тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банкалар, энергетикалық сусынды құюға арналған жабдық, сия бүріккіш жапсырма, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар (лимон қышқылы, кофеин, сода, бояғыштар, қант, қышқылдықты реттегіштер) тәркіленді.

Ведомство мәліметінше, келтірілген шығын көлемі 37 млн теңгеден асады.

Ұлттық сараптама орталығының микробиологиялық зерттеу хаттамасына сәйкес, тәркіленген сусынның құрамында рұқсат етілген мөлшерден екі есе жоғары зең мен ашытқы бар. Бұл өнім тұтынуға жарамсыз, өйткені ол адам денсаулығына, әсіресе жас ағзаға зиян келтіреді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдыңғы пост
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2 қазанда аяқталады
Келесі пост
Шымкентте 83 жастағы әжей жалған тергеушіге алданып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu