Бұл туралы “ҚазТрансГаз Аймақ”компаниясының Шымкент өндірістік филиалының инвестициялық бағдарламасының қоғамдық мониторингі барысында белгілі болды
2023 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдерімен және тұтынушылармен бірлесіп “ҚазТрансГаз Аймақ”ШПФ табиғи монополиялар субъектісінің 2022-2023 жылдарға арналған бекітілген инвестициялық бағдарламасы бойынша іс-шаралардың орындалу барысын көзбен шолып тексерді.
2022 жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстарды жүргізуге 2 323 505 мың теңге көзделген, оның ішінде:
-Шымкент қаласында Өнеркәсіптік кәсіпорындарды, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарды және көпқабатты үйлерді реконструкциялау үшін газ құбырларын салу (2 кезек), ауыспалы объект 2021 жылдан бастап-29 129,0 мың теңге;
– Шымкент қаласында Өнеркәсіптік кәсіпорындарды, коммуналдық — тұрмыстық кәсіпорындарды және көпқабатты үйлерді реконструкциялау үшін газ құбырларын салу (4 кезек) — 2 294 376,0 мың теңге, 76,71 км газ құбырын салу.
Бүгінгі күні жоспарлы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.