Қазақстанда 36 мың адам лудоманияға шалдыққанын мойындаған

Теги: , ,
397

Денсаулық сақтау министрлігінде лудоманиямен күресудің жаңа тәсілдері талқыланды. Ведомство мәліметінше, елімізде 36 мың адам құмар ойындарға тәуелді екендерін мойындаған. 

Қазақстандықтар арасында ойынға тәуелділіктің таралу ауқымы қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызуда. Министр Ажар Ғинияттың төрағалығымен өткен кеңесте денсаулық сақтау жүйесінің жаңа сын-тегеуріндерге дайындығы және ойынға тәуелділікке қарсы іс-қимылдың одан арғы шараларын айқындау талқыланды.

Кеңеске халықаралық және қоғамдық ұйымдардың, медициналық жоғары оқу орындарының, өңірлік психикалық денсаулық орталықтарының, жеке оңалту орталықтарының өкілдері қатысты. Бірқатар шетелдік ғылыми зерттеулерге сәйкес, әлемде лудоманияның таралуы жер шарындағы ересек тұрғындардың шамамен 3%-ы деп  бағаланады, шамамен 12,5%- ы үнемі ойнайды. Сонымен қатар, лудоманияның клиникалық өлшемшарттары бар адамдардың тек 8%-ы өздерін құмар ойындарға тәуелді адамдар деп санайды.

Қазақстанға математикалық модельдеу кезінде құмар ойындарға тәуелділікпен байланысты проблемаларды мойындайтын адамдардың саны шамамен 36 000 адамды құрайды. Министрдің тапсырмасы бойынша тәуелділік профилактикасының ұлттық жүйесінің (химиялық және химиялық емес) жобасын дайындау басталады, оның шеңберінде бірқатар іс-шаралар іске асырылатын болады.

Тәуелділігі бар адамдарға көмек көрсету стигмасын төмендету мақсатында олардың есеп саясатына өзгерістер енгізілетін болады. Мұндай есепке алудың мақсаты – құпиялылықты сақтай отырып, консультациялық көмек, ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету. Медициналық ұйымдардың ішкі ақпараттық жүйелерінде ғана тіркеуді жүзеге асыру жоспарлануда.

Ажар Ғинияттың айтуынша, қолданыстағы клиникалық хаттамалар, емдеу стандарттары, медициналық көмек көрсету сапасы жеке наркологиялық орталықтарда да қолданылуы тиіс. Осыған байланысты олардың қызметін реттеуді жүзеге асыру жоспарлануда. Кеңеске қатысушылар атап өткендей, есірткіге тәуелділікпен күрес барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, жеке сектордың және жалпы қоғамның қатысуымен кешенді болуы тиіс.

Айта кетейік, егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осы мәселеге тап болса, сіз өңірлік психикалық денсаулық ұйымдарына немесе  республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының www.mentalcenter.k сайтына жүгіне аласыз.

Алдыңғы пост
Шымкентте жас жігіт экс-әріптестерінің атынан оп-оңай несие рәсімдеп алған
Келесі пост
Көлік басқару құқығынан айырылса да рөлден түспеген шымкенттік қамауға алынды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu