Шымкентте жас жігіт экс-әріптестерінің атынан оп-оңай несие рәсімдеп алған

Теги: , ,
220

Шымкентте жас жігіт бұрынғы әріптестерінің атынан 8 миллион теңгеден астам несие рәсімдеген.

Әл-Фараби аудандық полициясы жергілікті тұрғынның арызы бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғады. Әйелдің айтуынша, танысы ұялы телефонын уақытша сұрап алып, оның атына 3,5 миллион теңге көлемінде онлайн-несие рәсімдеген. Ал ол қарызы туралы банктен төлем жасау жөнінде хабарлама келгенде білген. Олар бұған дейін жеке секторда жалданып жұмыс істеген бұрынғы әріптестер болып шықты.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер 33 жастағы күдіктіні ұстап, полиция басқармасына жеткізді. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ер адам бұрынғы үш әріптесінің сенімін асыра пайдаланған.

“Олардың смартфондары арқылы алаяқ жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам несие алған. Тергеушілер оның алаяқтық әрекетінен зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін атап өтті. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды” делінген полиция мәліметінде.

Алдыңғы пост
Қарағандыда ұландықтардың көмегімен жоғалған бала табылды…
Келесі пост
Қазақстанда 36 мың адам лудоманияға шалдыққанын мойындаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu