Қазақстанда 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларын тапсырған

Теги: , ,
331

Туризм және спорт министрлігінің түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларын тапсырды. Ал биыл жыл басынан бері 6 букмекерлік кеңсе өз еркімен жұмысын тоқтатты.

Бұдан бөлек, ойын бизнесі субъектілерінің лицензияларын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Биыл сотқа 14 талап арыз жіберіліпті. Оларды қарау қорытындысы бойынша 6 букмекерлік кеңсе, 5 тотализатор және 1 ойын автоматтары залы қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта екі букмекерлік кеңсенің лицензиясын жою бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Министрлік ойын бизнесінің жосықсыз субъектілерімен белсенді күресуде. Қазіргі уақытта ойын бизнесін реттеуді күшейтуді және тиісті нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасы дайындалып жатыр. Заң жобасы аясында 55 түзету әзірленді, оның ішінде 16 жаңа реттеуші құрал бар. Олар бойынша басқа министрліктермен келісу процесі жүріп жатыр және реттеушілік әсерге талдау жүргізілуде», – деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Алдыңғы пост
Түркістаннан көлік ұрлап кеткен жүргізушіні шымкенттік полицейлер ұстады
Келесі пост
Шымкентте автобустан кешігіп қалған 8 жасар бала жоғалып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu