Түркістаннан көлік ұрлап кеткен жүргізушіні шымкенттік полицейлер ұстады

Теги: , , ,
242

Шымкент полицейлері Түркістаннан көлік ұрлап келе жатқан жас жігітті ұстады.

Қала аумағында түнгі кезекшілікке түскен патрульдік полицияның №883 автоэкипажы Айбергенов көшесінің бойында Lada 21114 көлігін тоқтатқан. Жүргізуші маневр жасау кезінде бұрылу белгісін қоспағаны үшін көзге түскен.

Тәртіп сақшылары жас жігіттің жеке құжаттарын тексеру барысында, жүргізуші куәлігі жоқ екенін анықтаған. 20 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы «Көлік құралын құжатсыз және басқару құқығынсыз адамның басқаруы» бойынша хаттама толтырылды.

Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, көрші аймақтағы әріптестер жіберген бағыттамаға сәйкес полицейлер көліктің Түркістан облысындағы үйдің ауласынан жарты тәуліктен аз уақыт бұрын ұрланғанын анықтады.

Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келіп, көлік тәркіленді. Ал жүргізуші  полиция басқармасына жеткізілді. Көлік заңды иесіне қайтару үшін Түркістан облысының тәртіп сақшыларына берілді.

Алдыңғы пост
Таиланд қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режимді енгізеді
Келесі пост
Қазақстанда 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларын тапсырған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu