2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны
5 015,2 мыңға жетті. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды.
Бір жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен. Оның ішінде:
87,9% – жеңіл автомобильдер;
10% – жүк автомобильдері;
2,1% – автобустар.
Ал шілдеде 169,3 мың автокөлік құралы есепке қойылған.
Жалпы тіркелген жеңіл автомобильдердің ең үлкен үлесі, яғни 45,1%-ның қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 текше см дейінгі жеңіл көліктер. Қозғалтқыш көлемі 1500 текше см дейінгі көлік үлесі – 18,1%, қозғалтқыш көлемі 2000-нан 2500-ге текше см дейін – 17,3%, қозғалтқыш көлемі 2500-ден 4000 текше см. дейін – 15,1%, 4000 текше см. жоғары – 1,9%.
Қозғалтқыш көлемі 1500-2000 текше см.-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 223 мың, Алматы қаласында – 200,7 мың, Астана қаласында – 153,7 мың, Қарағанды облысында-151 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 137,4 мың.
Жүк автомобильдерінің ішінде қомақты үлес қозғалтқыш көлемі 4000 текше см жоғары жүк көліктеріне тиесілі (тіркелген жүк автомобильдерінің жалпы санының 72%).