291
Түркістан облысында 40 жастағы әйел 11-ші баласын дүниеге әкелді.
Батыр ана сәбиін №1 облыстық перинаталдық орталықта дәрігерлердің көмегімен отасыз босанған. Ақ халаттылардың айтуынша, қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы.
Медицина мамандарының мәлімдеуінше, сарыағаштық Айнагүл 11 перзентін де отасыз өзі босанған. Дәрігерлер 40 жастағы әйелдер арасында мұндай жағдай сирек кездеседі деп отыр.
Айнагүлдің отбасында 5 ұлы мен 5 қызы күтіп отыр. Үлкені – 21 жаста. 11-ші перзентіне көпбалалы ана Мұстафа деген есім берген
Айнагүлдің жолдасы – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам. Келіншектің өзі бала күтіміне байланыста үйде.