343
Қазақстанда фундук, бадам, кешью, грек жаңғағы сияқты жаңғақтардың бағасы (2022 жылдың тамызы мен 2023 жылдың тамызын салыстырғанда) 3,9% қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросындағылар мәлімдеді.
Айта кету керек, Қазақстан өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтарды өндіреді. Былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда биылғы сәйкес уақыт аралығында өндіріс көлемі 42,1% өсті. Осылайша биыл 7 ай ішінде Қазақстанда 5,9 мың тонна өңделген және консервіленген жеміс пен жаңғақ өндірілді. Дегенмен импортталатын өнімнің үлес салмағы әлі де басым. Нарықтағы өнімнің 93,9% сырттан әкелінген (90,2 мың тонна).
Алғашқы жеті ай ішінде ішкі нарықта саудаланған өнім көлемі 89,2 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,4% артық.