299
Шымкентте 2-сыныпта оқитын қызды КамАз қағып кетті. Оқиға 21 қыркүйек күні түскі уақытта «Асар-2» мөлтекауданындағы Атакент көшесінде болған.
«КамАЗ-5320» көлігі оқушыны қағып, салдарынан 7 жасар қыз жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Оның екі аяғы да сынған, операция жасалды. Қыз жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр.
Алдын ала дерек бойынша үйіне қайтып келе жатқан қыз баланы үлкен жол бойында жаңа асфальт жолды тегістеп жүрген КамАЗ абайсызда қағып кеткен.
Жол апаты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.