Шымкентте мұғалімді алдап соққан алаяқ әйел қамауға алынды

Теги: , ,
230

Шымкентте мектеп мұғалімі алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып полицияға арызданған.

Ер адам банктегі 4,6 млн теңге несиесін жабу үшін бейтаныс келіншектің көмегіне жүгінген. Алаяқ әйел оны «банкроттық» жариялау арқылы қарызыңды толық өтеп беремін деп сендіріп, өз қызметі үшін 120 мың теңге алып, ізін суытқан.

«Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Азаматшаның жеке басы анықталып, қала аумағында ұсталды. Тергеу барысында жергілікті тұрғынның бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін сотталғаны және мұғалімнен кейін тағы бір кәсіпкерді алдап соққаны белгілі болды. Ол кезекті құрбанын мемлекеттен қайтарымсыз 5 миллион теңге грант алып береміндеп сендіріп, 350 000 теңгеге сан соқтырған»,-деді қалалық Полиция департаментіндегілер.

Қазіргі таңда күдікті әйел қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкентте 2-сынып оқушысын жүк көлігі қағып кетті
Келесі пост
Қазақстанда ұн өндірісі 3,7% өсті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu