Қазақстанда ұн өндірісі 3,7% өсті

Теги: ,
150

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында елімізде 1,7 млн тонна ұн өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% артық (2022 жылғы қаңтар-шілде – 1,6 млн тонна).

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, импорт үлесіне ұнның 1,4%-ы тиесілі. Елге аталған өнімнің 24,2 мың тоннасы әкелінді. Импорт көлемі жеті айда 1,1% өсті.

Биыл экспортқа 1 млн тоннадан астам ұн жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7% артық. Ішкі нарықта барлығы 716 мың тонна өнім сатылды. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 5,1% аз.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісінің орташа бағасы 225 теңгені құрайды.

Алдыңғы пост
Шымкентте мұғалімді алдап соққан алаяқ әйел қамауға алынды
Келесі пост
Ерте есейгісі келген екі оқушы аман-есен табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu