Семейде жол бойындағы әжетханадан 4 жасар баланың мәйіті табылды.
«Не молчи» қорының негізін қалаушы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрінің желі парақшасында жазған мәліметіне сүйенсек, бүлдіршіннің мәйітін бала күтушінің күйеуі әжетханаға тастаған.
Баланың анасы перзентін бала күтушіге тастап кеткен екен. Алайда үйге келгенде ұлы болмаған. Бала күтуші алғашында бүлдіршін танысының үйінде деп сендіргенімен, кейін ол баланың мәйітін күйеуі сөмкеге салып, қала шетіндегі әжетханаға лақтырғанын айтқан. Бүдіршіннің нақты неден көз жұмғаны әлі белгісіз.
Абай облыстық Полиция департаментінің хабаралуынша, 4 жасар баланың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі терегу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Күдікті ретінде бала күтушінің күйеуі ұсталды.