436
Украиндық әнші Джамаланың «1944» әнін үзіліс кезінде орындаған қазақ қызы ерекше дауысымен оқырмандарын таң қалдырды. Толғанай Пазылақын есімді бойжеткен бұл сәттің видеосын ТікТок парақшасында жариялады. Он көрген желі қолданушыларын жас орындаушының дауысына тәнті болды.
«Осыдан кейін қалған әншілер ұйықтаңдар», «Дауысы өте тамаша», «Жарайсыз, дауысың неткен күшті», «Керемет», «Мына қызға неліктен сахнада орын жоқ? Тамаша орындау», «Денем тітіркеніп кетті», «Респект», «Сөз жоқ, дауысы мықты», «Өте ауыр ән, жарайсыз» «Талант деген осындай болу керек» деп жазды желі қолданушылары.
Жас орындаушы өнер саласының алыс емес. Кәсіби тұрғыда ән айтумен айналысатын ол тіпті шәкірт тәрбиелейді.