Жамбылдық электрик қас қағым сәтте көлігін ұрлатып алды

Теги: ,
443

Жамбыл облысы Талас аудандық полиция бөліміне Майтөбе ауылының 26 жастағы тұрғыны  арызданған. Электрик болып жұмыс істейтін жас жігіттің айтуынша, есеп құралдарының көрсеткіштерін жинап жатқан кезде белгісіз біреу оның “Ниссан” маркалы көлігін ұрлап кеткен. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу ) тіркелді.

Ұрланған көлік “Тараз-Қаратау” тас жолында тоқтатылды. Жүргізуші мас күйде болған. Ол ветеринарлық дәріхананың жанында иесіз көлікті көргенін және туыстарына барғысы келгенін айтқан. Ер адам өз кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкентте 22 жасар жігітке туған ағасы бүйрегін берді
Келесі пост
Жетісайда 100-ге жуық адам балық аулаудан жарысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu