Шымкентте болашақ десантшылар әскерге аттанды

Теги:
251

Шымкентте Қазақстанның Қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қатарына әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Бүгінде 150-ден астам шақырылушы әскер қатарын толықтырды. Олар еліміздің шекарасында қызмет етуге аттанды. Шымкент қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинақ пунктінен Талдықорғанның десанттық-шабуылдау бригадасына алғашқы жөнелтілім жіберілді. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

Әскери киім киген шақырылушылар жинақ пунктінің фойесіне жиналды. Қалыптасқан дәстүр бойынша балаларды қаланың ардагерлер ұйымдарының өкілдері қарсы алып, табысты қызмет тіледі. Ардагерлер еліміздің заманауи армиясында мерзімді әскери қызметті өтеу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті. Бір жылға жалғасатын мерзімді қызметтері аяқталғаннан кейін барлық сарбаздар жоғары оқу орындарына тегін түсуге және кәсіби әскери болуға мүмкіндік алатынан алға тартты.

«Сіздердің өмірлеріңізде маңызды кезең басталады. Себебі сіздер армия қатарына кіріп жатсыздар. Өте қысқа мерзімде сіздер Жарғы бойынша өмір сүруді, белгілі бір әскери мамандықты игеруді, тәртіпті және жауапты болуды үйренуіңіз керек. Қарулы күштеріміздің дәстүрлеріне адал болыңыздар және қызметтеріңізді абыроймен орындаңыдар», – деді Қарулы күштердің ардагері, отставкадағы полковник Реймбай Халмұратов.

Қарулы Күштер қатарында қызмет ету үшін жіберілген әскерге шақырылушылар қалалық жинақ пунктінде әскери киім алатынын атап өткен жөн. Киім-кешектен басқа, оларға жолда жеке тамақтану рационы беріледі.

Алдыңғы пост
АӘК және тұрғын үй көмегін алушы шымкенттіктер газ үшін 20% – ға төмен төлейді
Келесі пост
Шымкентте жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu