Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы төрт жылда бір келетін инспекторлық тексерістен өтуді бастады. Инспекторлық тексеріске Атырау, Ақтау, Орал қалаларында орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөлімдері қатысатын болады.
Инспекторлық тексерістің мақсаты Ұлттық ұлан әскерінің жауынгерлік дайындығының жай-күйін, әскери қызметшілердің даярлығын, кәсіби шеберліктерінің деңгейін анықтау болып табылады.
Тексеріс кезінде әскери қызметшілер саптық, тактикалық, дене және атыс дайындығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, әскери топография бойынша және тағыда басқа негізгі пәндерден сынақ тапсырады.
Айта кетейік инспекторлық тексерісті Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығынан арнайы құрылған комиссия мүшелері жүргізеді. Инспекторлық тексерісқазан айының 2 – 12 аралығында өтетін болады.