340
2022 жылы Қазақстанда 8268 егіз бен 151 үшем дүниеге келген. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды.
Ресми дерекке сүйенсек, егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1185 егіз. Одан кейінгі орында Алматы облысы (782) мен Алматы қаласы (756). Ал үшемнің туу көрсеткіші бойынша тізім басындағы аймақтар: Түркістан облысы – 24 үшем, Алматы қаласы – 21 және Астана қаласы – 18.
Өткен жылы төртем дүниеге келуі тіркелмеді.
Жалпы 2022 жылы туған сәби саны 403,9 мыңды құрады. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 28,53 адам), Түркістан (27,67) облыстарында және Шымкент қаласында (27,13) байқалды. Туудың негізгі үлесін 30-34 жас (28,6%) және 25-29 жас (28,1%) жастағы әйелдер құрайды.