Үш деңгейлі жолайрық: Бәйдібек би даңғылы көлік қозғалысына ашылды

99

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей тапсырмасы бойынша Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында 3 деңгейлі жолайрығының ең жоғарғы эстакадасы – Бәйдібек би даңғылы көлік қозғалысына ашылды. Оқу жылының басталуына орай жиілейтін көлік қозғалысы ескеріліп, құрылыс қарқыны күшейтілген болатын.

Шымкент автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрғандықтан, соңғы жылдары жол құрылысына басымдық берілді. Бұл жолайрық – қалада кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы жағдай жасауда маңызды жоба. Жоспарға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде – Арғынбеков көшесі, жоғары деңгейде – Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде – оң,  жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады.

Қазір жолайрық құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра отырып, көліктердің қозғалысына кептелісті азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен ашылуда.  Айта кетейік, 15 мамырда халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Арғынбеков көшесі ашылды.

Бүгінде жоспарланған жол құрылыс жұмыстары 80% пайызға орындалды. Жолайрық құрылысын толық аяқтап, көліктің барлық бағыттағы қозғалысын қамтамасыз ету жыл соңына жоспарланып отыр.

Нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қадағалаған Ғабит Әбдімажитұлы жауаптыларға жұмыстарды мерзімінде аяқтап, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін  бағдаршамдар мен жүргіншілер жолын ретке келтіру, жол белгілерін дер кезінде орнату бойынша арнайы тапсырма берді. Онымен қоса жол құрылысы жұмыстарына тек алпауыт монополистерді ғана емес, заң шеңберінде рұқсат етілген шағын және орта компанияларды да жұмылдыру қажеттігіне тоқталды.

Пандустарды да арнайы талаптарға сай салуды тапсырып, ерекше жандардың қауіпсіздігіне назар аударды. Сондай-ақ қала әкімі жауаптыларға құрылыс барысында  жолайрық айналасына жиналатын жауын-шашын суының деңгейіне қарай ирригациялық жүйелердің жүктемесі мен су өткізу қабілетін қадағалап, қолайсыздықтарды қазірден алдын алуды тапсырды.   

Сонымен қатар, Шымкент қаласы маңындағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы салынуда. Айналма жолдың құрылысы Леңгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол барлық транзиттік көліктерді қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, экологиялық жағдайды жақсартады. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Алдыңғы пост
Тұран ауданы: 9 көшеге ирригациялық жұмыстар жүргізілді
Келесі пост
Бүгін кешке Шымкенттегі бірқатар шағынауданда ауыз су беру уақытша тоқтатылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu