Қазақстанның көлік полицейлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесе отырып, 36 жастағы Үндістан азаматын ұстады.
Анықталғандай, оның Біріккен Араб Әмірліктері – Қазақстан – Өзбекстан бағыты бойынша жолға шыққаны мәлім болды. Күдікті БАӘ-ден Алматы қаласына ұшып келіп, жолаушылар пойызымен Ташкент қаласына бет алған.
– Тексеру барысында шетелдік азаматтың сөмкесінен гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта құқық бұзушы Арыс қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды. Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған, – деді Б.Малыбаев.
Есірткі тасымалдаған Үндістан азаматы ұсталды
310
Видео
Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді