Ұлытау облысының мәслихат хатшысы 40 млн теңге тұратын көліктен қағылды

Теги:
143

Еріктілердің көмегімен мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Антикордың мәліметінше, 2 айда 1,5 мыңнан астам азамат жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына қосылған. Тамызда басталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына еліміздің барлық өңірлерінің белсенді азаматтары қатысуға ниет білдірді. Анықталғандай, Ұлытау облысының әкімдігі осы көлікті алуға ниет білдірген. Алайда, арам ойлары жүзеге аспаған.
Бұдан бөлек, тағы бірнеше өңірде құқықбұзушылықтар анықталған. Мәселен, Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары жобалау-сметалық құжаттаманы жасау бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу құнын көтерген болатын. Алайда, еріктілердің қырағылығының арқасында мемлекеттік органдар бағаны төмендетіп, нәтижесінде 27 млн теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізді.

Алдыңғы пост
Астанада Nobel Fest 2023 басталды
Келесі пост
Есірткі тасымалдаған Үндістан азаматы ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu