Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті vi сессиясы өтті

Теги: ,
1,911

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының алтыншы сессиясы болып өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен сессияда бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Біріншіден, аудан әкімдерінің есебі тыңдалып, тиісті бағдар берілді. Басты мақсат – қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы орта құрып, аумақтарды дамыту, халықтың әлеуметтік мәселелерін барынша шешуге бағытталған жұмыстарды күшейту.

Осы міндеттерді сапалы орындау үшін аудан әкімдерінің ұсынысымен әр ауданнан коммуналдық мекемелер ашылып, оларға қажетті ресурстар мен қаржы берілді. Мұнан соң жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Сессияда аудан әкімдерінің есебінен соң, жаңа оқу жылына дайындық барысы талқыланды.

Биылғы жылы 1 сыныпқа 28 мыңнан астам оқушы қабылданды. Қаламызда урбанизация процесі қарқынды жүруіне байланысты оқушылар саны да жылдан-жылға артуда. Сонымен қатар, Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 2025 жыл соңына дейін 28 мың орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның 1-уі жуырда пайдалануға беріледі. Одан бөлек, 2029 жылға дейін сыйымдылығы 750 орындық 5 өнер мектебінің құрылысы жоспарлануда. Білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақсатында биыл 48 мекеме жаңадан пайдалануға беріледі. Оның ішінде 15-і жалпы орта білім беретін мектептер. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 4 мектептің мәселесі толығымен шешіледі. Бқдан бөлек, Шымкентте биыл 160 нысан салу жоспарлануда.

Құрылыс жобасына 98 тұрғын үй, 18 инженерлік инфрақұрылым нысандары, мәдениет және 7 білім беру нысандары, 3 төтенше жағдай кешені, 4 спорт кешені, 2 саябақ енгізілді. Биыл жартыжылдықта 41,5 мың шаршы метр болатын 10 көпқабатты тұрғын үй, 3 білім, 2 спорт нысандарының құрылысы аяқталып, 70 нысанның жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленген. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы саласында мегаполисте ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2020 жылы тұрғын үй құрылысын жүргізу бұдан екі есеге дейін төмен болатын. Биылғы жылы 1 млн 73 мың шаршы метр үйді тапсыру жоспарлануда.

Мұрат Дүйсенбекұлы аудан әкімдері мен басқарма басшыларының есебіне қатысты сын-ескертпелердің орындалуына басты назар аударуды тапсырды. Бұл бағыттағы мақсатты жұмыстарды одан әрі жалғастыратын болады.

Алдыңғы пост
Дәрігерлер жүрегіне пышақ сұғылған жас жігітті аман алып қалды
Келесі пост
“2-10-20 бақытты отбасы” бағдарламасы жаңа әдіспен жүзеге асырылады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu