335
Алматы облысында өгей әкесі тарапынан қорлық көрген егіз қыздардың жағдайы орташа ауыр. Олардың біріне операция жасалды.
Дәрігерлердің айтуынша, егіз қыздар жедел жәрдем қызметімен Алматы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Олар шұғыл түрде медициналық тексеруден өткен. Екеуі де хирургиялық бөлімшеге жатқызылған.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы облысы Балқаш ауданында егіз қыздардың бірі зорланғаны туралы ақпарат шықты. 3 қазан күні кішкентай қызға қорлық көрсетті деген күдікпен оның 40 жастағы өгей әкесі ұсталып, қамауға алынды. Кейінірек күдікті 3 жасар бүлдіршіннің сыңарын да зорлағаны туралы мәлімет тарады. Бұл ақпаратты полиция растады және қыздардың анасы да қамауға алынғанын айтты.