Шымкентте екі құрбы 50-ге жуық адамды сан соқтырған

Теги: , ,
340

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 50-ге жуық адамды 40 млн теңгеге алдаған алаяқтар Шымкентте ұсталды.

Полицейлердің мәліметінше, екі құрбы өз құрбандарын мобильді банкинг арқылы тауарлай несие алуға және төлем жасау үшін оларға жеке деректерін беруге көндірген. Сондай-ақ олар белгілі бір схема арқылы қарыз сомасын бонустармен бірге шотқа екі апта ішінде қайтара алатынына сендірген. Сатып алу үшін қажетті кодтарды білгеннен кейін, олар дүкеннен тауар алып, қайта сатқан.

Олардың айла-амалдарына 45 азамат сеніп қалған. Үш айдың ішінде алаяқ қыздар Шымкент, Алматы, Астана және Түркістан облысының тұрғындарын 40 миллион теңгеден астам сомаға алдады.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер қала аумағында ұсталды. Олардың бірі – БҚО-ның тұрғыны болып шықты. Жәбірленушілердің арызы ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі “бірнеше рет жасалған алаяқтық” бойынша тіркелді. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін қылмыстық істің материалдары сотқа жолданады, – деді Қаратау аудандық ПБ-ның тергеушісі Нұрислам Есенбеков.

Алдыңғы пост
Ата көрген оқ жонар…
Келесі пост
ҰҚК: Интернет арқылы терроризмді насихаттаған радикал ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu