394
ХАМАС қозғалысының тосын шабуылынан қаза тапқандар саны 700-ге жетті. Ресми деректер бойынша Израилдің түрлі аймақтарына 3 мыңға жуық зымыран атылған. Салдарынан, Газа секторында да жүздеген адам қаза тапқан. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильде кемінде 2 243 адам жараланған. Ал, 22-сі ауыр халде екен.
Қазіргі таңда билік, тұрғындарға сыртқа шықпауға кеңес беруде.
Айта кетейік, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазанда таңертең басталған еді. Бұл ретте Түрік оппозициясы мен Иран Парламенті бұл әскери қақтығыста Палестинаны қолдап отыр.