426
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры алдағы уақытта өз міндеттемелерін толық орындай алмауы мүмкін деп отыр.
“Жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін келесі қажетті шарттарды ескеру қажет: 2025 жылдан бастап әрбір азамат міндетті салық декларациясын тапсырады. Осылайша сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болып, шамамен 700 мыңдай адам міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тартылады деп күтілуде”, – дейді министр
Оның айтуынша, сақтандырылмаған адамдарға медициналық және онымен байланысты мемлекеттік қызметтерге шектеулер енгізу ұсынылады, мысалы, көлік жүргізу, қару сақтау сынды шектеулер қойылмақ.