Динара Зәкиева, зорланған егіз қыздардың бауырлары да азапталғанын мәлімдеді

165

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, зорланған 3 жасар қыздардың бауырлары тұрып жатқан Сәбилер үйі мен Балалар үйіне барды.

«Бұл қыздардың 7 жасар әпкесіне де бұрын қорқынышты қылмыс жасалған және жазасыздықтың, маскүнемдіктің және толық деградацияның салдарынан бұл қылмыс қайталанып отыр. Кеше аудандық полиция департаментімен, денсаулық сақтау және білім басқармаларымен бұрын болған оқиғалардың барлық тізбегін зерттеп шықтым. Екі жыл бұрын егіздердің нағашы әжесі мен өгей атасы 7 жасар қыздың жыныс мүшесін көсеумен күйдіргені анықталды. Бала интернатта оқитын еді. Сол жерде бұл анықталған», – деп жазды Динара Зәкиева Facebook желісінде.

Динара Зәкиеваның айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша іс қозғалған (дегенмен бұл 110-бап «Азаптау» болуы керек) және ата-ана құқығынан айыру туралы мәселе қойылған. Сол уақытта, кінәлілер тиісті жазасын алса, егіздердің өмірі тозаққа айналмас еді дейді.  “Сот ата-ана құқығынан айыру туралы өтінішті қабылдамай, айыппұлмен жаба салған. Нәтижесінде бала үйде оқытуға ауыстырылды және екі жылы азаппен өтті. Сөйтсе, олар зорлық белгілерін жасыру үшін оны күйдірген екен.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың 70%-ы алкоголизммен және әлеуметтік жағдайдың төмендігімен байланысты екен.

Бұл қылмыстар күн сайын 342 адамға жасалады. Әр санның артында әйелдің, баланың өмірі мен тағдыры жатыр. Көптеген өңірлерде, мысалы, Жетісу облысының кейбір ауылдарында, Түркістан облысының 14 ауылында алкоголь сатуға тыйым салынғанын және іс жүзінде қылмыс жоқ екенін білемін», – дейді бала құқығы жөніндегі уәкіл.

Алдыңғы пост
Қызылордалық тұрғын қойдың жүніне картоп еккен
Келесі пост
Медициналық сақтандыруы жоқ адамдарға көлік жүргізуге тыйым салынбақ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu