2024-2028 жылдарға болжам: шымкентте өңірлік өнім көлемінің өсімі 4 пайызға жетеді

212

Бүгінгі  Үкімет отырысында еліміздің 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы мен геология саласын дамыту шаралары қаралды.

Шымкенттің 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес әзірленуде. Қаладағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары, сауда және қызмет көрсету салаларындағы өсіміне байланысты, өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн.теңгеге болжанып, жыл сайын орташа  4 пайыздық өсім күтілуде.   

Қаланың 2024-2026 жылдарға жоспарланған бюджет көлемі 551 млрд.теңге құрауда. Бюджет жоспарлау барысында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау, білім,  тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға басымдық берілді.

Премьер-Министр үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы, ең алдымен, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесін толық және уақытылы орындауға, сондай-ақ экономиканың сапалы және орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанына тоқталды.  Жалпы жан-жақты ойластырылған әрі теңгерімді бюджет жобасы қалыптастырылды. Үкімет басшысы экономиканың нақты секторында өңдеу өнеркәсібін дамытуға, бизнесті қолдауға, көлік инфрақұрылымын дамытуға және газдандыруға басымдық берілетінін айтты.

Үкімет басшысы маңызды міндет – бюджет қаражатын барынша тиімді пайдалану екенін ескертіп, ұсынылған құжаттар бойынша заң жобалары мен Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ҚР Парламентіне енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты бақылауда. Бүгінде биылға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында барлық салада кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Қала бюджетіне 645,2 млрд.теңге жоспарланған болса, оның 92,8 млрд.теңгесі республикалық бюджет есебінен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 574,1 млрд.теңгені, нақты көлем индексі 100,3% құрады.

Қала аумағында бүгінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл 18 500 орындық 18 мектеп  пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 4 мектептің мәселесі толығымен шешіледі. Бүгінде 9 мекеменің білім  ғимаратына күрделі жөндеу жұыстары жүргізілуде. Барлық құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде, нысандардың қыркүйекке дайындығы қатаң қадағалауда.

Үкімет басшысы жергілікті әкімдерге өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруда бірқатар тапсырмалар жүктеп, жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Алдыңғы пост
Адырбеков көшесінің құрылысы 76 пайызға орындалған
Келесі пост
Магистратура грантына құжат қабылдау басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu