333
Жағымсыз жағдай Шымкент қаласында орын алған. Қарт кісіге хабарласа алмаған туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Оқиға орнына дер кезінде жеткен мамандар, жабық тұрған пәтерден қайтыс болған зейнеткерді тапты.
Айта кету керек, әйелдің денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ал азаматшаның өліміне қатысты тиісті шаралар жүргізіліп, өлімінің себебі анықталатын болады.