372
Шымкент көшелерінің бірінде болған “форсаж қойылымын” ПД-ның жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары түсіріп алған.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қарсы жолаққа шыққаны үшін 18 және 19 жастағы үш жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осылайша, автожолдағы мақтанудың соңы олар үшін алты айға көлік басқару құқығынан айырылумен аяқталды.