“Жастардың сұранысы”. Шымкентте скейт парк ашылды

361

Бүгін 19 маусым – қала күніне орай Шымкентте бірқатар әлеуметтік нысандар халық игілігіне табысталуда. Солардың бірі – скейт парк.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов экстремалды спорт түрлеріне арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің салтанатты ашылуына қатысты.

“Скейт элементтері бар алаң жастарымыздың сұранысы бойынша қолға алынды. Өскелең ұрпақтың өтінішін ескеріп, жаңа нысанды қала күніне орай пайдалануға бердік. Біз қашан да осындай ерекше жобаларға қолдау көрсетуге әзірміз” – деді Мұрат Әйтенов.

Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаламыздағы скейт элементтері бар алғашқы алаңда жастар скейтбординг, BMX сияқты спорт түрлерімен шұғылдана алады. Бұл жаңа кеңістік бұрынғы «Дельфин» аквапаркінің аумағында орналасқан. Онда скейтпен сырғанау алаңынан өзге воркаут аймағы, көше тренажерлары, роллердром, баскетбол алаңы және әткеншектер орнатылған тыныш аймақ та бар. Заманауи талапқа сай жабдықталған скейт парк мегаполис жастарының бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орталыққа айналады.

Сонымен қатар бүгін шаһарда  Балалар саз мектебі ашылды. Өнерлілер ордасына айналатын мектептің ашылу салтанатына  қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысты. Қала басшысы құттықтау сөз сөйлеп, балалар шығармашылығына өркендеу, ал саз мектебінің ұжымына сәттілік тіледі.

Саз мектебінде балалар мектептен тыс қосымша білімдерін жетілдіріп, тұла бойындағы ерекше қабілеттерін шыңдай алады. Мәселен, мұнда оркестрге арналған ұлттық саз аспаптар, үрмелі аспаптар класы бар. Атап айтсақ, домбыра, қобыз, саксофон, флейта, рубаб кластарымен бірге фортепиано, хореграфия, вокал, көркемсурет, хор орындау – бұлар қаламыздағы мектеп оқушыларын әр қырынан толықтай ашады.

Үш қабатты ғимараттың техникалық жабдықталу жағы жоғары сапада жасалған, мұндағы музыкалық аспаптар арнайы Германия зауытынан тапсырыспен алынған. Би өнеріне арналған кең, ауқымды залы 150 шаршы метрді құрайды.
Айта кетейік, жаңа саз мектебі 1958 жылы іргетасы қаланған бұрынғы музыкалық мектебенінің негізінде қайтадан тұрғызылды. Жаңа ғимаратта қазір 1 164 бала музыкалық білім алады. Қыркүйек айынан бастап тағы 500 оқушыны қабылдау жоспарланған.

Алдыңғы пост
Шымкент туристер көп баратын қалалар тізіміне енді
Келесі пост
Шымкентте көшенің қақ ортасында тұрған көлік түгі қалмай өртеніп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu