408
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясындағы тамақтан улану жағдайы тіркелген болатын. Қазіргі таңда сараптама қорытындысы дайын болды. Яғни, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарының мәліметі бойынша,алдын ала болжам бойынша 12 түрлі тағам ішінен ішек таяқшасы тобының бактериялары табылған.
«Толық сараптама қорытындысы 21 қарашадан соң белгілі болады. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Естеріңізде болса, 7 қарашада мектеп асханасынан 48 адам тамақтан уланған болатын.