Экс-депутат Әлтаев 10 жылға түрмеге тоғытылды

469

Оған аса ірі көлемде пара алды деп айып тағылып, 10 жылға сотталды. Аталмыш іс,  Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

“Бұрынғы вице-министр 2018 жылғы ақпаннан 2020 жылғы шілдеге дейін жалпы қамқорлық және “Атамекен” АЭС-тің мүддесін қолдағаны үшін М.-дан делдал арқылы жалпы сомасы 115 мың АҚШ доллары және 8 миллион 150 мың теңге пара алған.

Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефон арқылы хат алмасумен, жасырын тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және т.б. дәлелденді. Кодексте  көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына азаматтық қызмет атқару құқығынан айырумен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – деді судья.

Айта кету керек, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Сұйытылған газ бағасы көтеріледі
Келесі пост
Ең қымбат футболшылар рейтингісі жарияланды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu