399
Алдағы кезде кәсіпқой футбол ережесінде футболшыны алаңда уақытша қуу жазасы пайда болады, деп хабарлады The Telegraph.
Сонымен қатар, төрешімен келіспеген футболшыға да осындай жаза қолданылуы мүмкін.
Айта кетейік, халықаралық кеңес, бұл жазаны енгізуге дайын екенін мәлімдеді. Десе де, келесі жылдан бастап енгізілмек.
IFAB қызыл қағаз көрсетуге жеткіліксіз, бірақ қатардағы ескерту үшін өте ауыр келетін тәртіп бұзушылық үшін футболшыны 10 минут уақытқа шеттейтін болады, – делінген хабарламада.
Бұл жаза қою сары түсті ескерту қағазының баламасы болады. Енді төрешімен келіспеген футболшыға да осындай жаза қолданылмақ.