Жаңаөзендегі жарылыс. Қаза тапқандар саны 4 адамға жетті

203

Бүгін 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында Жаңаөзен қаласында жарылыс болды. Төтеншеліктердің мәліметінше, 2-ші шағынауданда  екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылған. Салдарынан 150 шаршы метр аумақты алатын тұрғын үйдің кіреберісі қираған.

Оқиға орнына  облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушысы және кинологиялық есептоп, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмылдырылды.

Оқиға орнында өрт орын алған жоқ. Қазіргі таңда мамандар болған оқиғаның себебі анықтауда.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, са5ат 11-45-те жағдай бойынша үйінділер астынан әйелдің денесі алып шығарылды. Осылайша қазіргі кездегі ақпаратқа сүйенсек,  үйінділер астынан 4 аман қалған адам мен 4 адамның денесі алып шағарылды.  6 тұрғын жатқызылды. Құтқарушылар құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Алдыңғы пост
«Көлік ұттыңыз». Шымкенттік полицейлер алаяқтардың сall-орталығын анықтады
Келесі пост
Павлодарда жол апатынан жолаушы қайтыс болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu