Жыл басынан бері көлік полицейлері 600 ден астам заңсыз жолаушы тасымалдағандарды анықтады.
Көлік полицейлері түрлі құқықбұзушылықтарды анықтау, заңсыз такси қызметін жою үшін еліміздің әуежайлары мен теміржол вокзалдарында рейдтер мен алдын алу іс-шараларын ұдайы жүргізеді, – деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.
Жауаптылардың мәліметінше, биыл қоғамдық орындарда тиіскені үшін 2 437 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, заңсыз такси жүргізушілерінің қажетті құжаттары мен лицензиялары жоқ. Тіпті, міндетті медициналық тексеруден де өтпейді. Екіншіден, жоғары бағалар, дөрекі жүргізушілер және автомобильдің ақаулы техникалық жағдайы бар дейді мамандар. Сондықтан, жолда абай болу керек. Сақтықта қорлық жоқ.