368
Олар — республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан.
Оқиға «Самара – Шымкент» тасжолында орын алған.
«Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Олар — республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан 2і оқушы мен 1 мұғалім. Басқа мәліметтер ақпарат түскен бойда хабарланады», — деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән жайын анықтау үстінде.