Мектептегілер бір құты ақ бояуды 1,6 млн теңгеге сатып алмақ болған

199

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында мектеп басшылығы айды аспанға бір-ақ шығарды. Білім мекемесіндегілер мемлекеттік сатып алу аясында жөндеу жұмыстары үшін бір құты (банкі) ақ түсті бояуды 1,6 млн теңгеге сатып алмақ болған. Мұндай фактіні антикор қызметкерлері анықтаған.

Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіндегілердің араласуымен  ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс нәтижелері бойынша шамамен 34 млн теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілмеді. Бұзушылықтар бірыңғай сатып алу терезесінің мәліметтерін мониторингі барысында анықталған.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік сатып алу бағасының артуы Сәтбаев қаласының №14 жалпы білім беретін мектебінде орын алған. Онда бір дана құтыдағы ақ түсті бояуды  1 666 964 теңгеге сатып алу жоспарланған. Бұл нарықтағы баға 68 106%-ға артық көрсетілген деген сөз.   

Антикор араласқаннан кейін мектеп 47 358 теңгеге 18 дана банкі ақ түсті бояу сатып алды. Бюджет қаражаты 1 619 606 теңгеге үнемделді.   

Бұдан өзге Қаражал қаласы әкімінің аппараты ағымдағы жылы көлемі 2000 текше сантиметрге дейінгі Автоматты трансмиссиясы бар С-класты үш қызметтік автокөлікті мемлекеттік сатып алу жоспарлаған. Оларды сатып алуға әрбіріне 26 660 000, 19 800 000 және 18 900 000 теңге бөлу қаралған. Бірыңғай сатып алу терезесіне сәйкес орташа бағадан ауытқу сәйкесінше 125%, 89% және 80% құрады.

Департамент бастамасымен Қаражал қаласының әкімшілігі екі автокөлікті мемлекеттік сатып алудың бағасын төмендету жағына қарай қайта қарастырды, үшінші автомобиль бойынша оны сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Алдыңғы пост
Шымкентте алименттен жалтарып жүрген 58 әке жауапқа тартылды
Келесі пост
“Бизнес-бастау” жобасының қатысушысы сүйікті ісін неден бастағанын айтып берді 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu