316
«Екі мүйізді жатыр» деп аталатын сирек кездесетін ауытқуы бар азаматша араға 20 сағат салып толғатып, егіздің сыңарын дүниеге әкелді. Бұл туралы BBC хабарлады.
Ресми мәлімет бойынша, 32 жастағы Келси Хэтчер Алабама университетінің Бирмингем ауруханасында сейсенбіде бір қызды, сәрсенбіде екінші қызды босанған.
UAB дәрігерлерінің айтуынша, екі жатырлы әйелдің жүкті болу мүмкіндігі өте төмен болады. Сондықтан, бұл өте сирек кездесетін туа біткен аномалия дейді дәрігерлер. Яғни, әйелдердің 0,3%-ында ғана кездеседі.