273
Жамбыл облысының полицейлері Шу-Меркі тас жолынан 25 шақырым қашықтықтағы құмды аймақтан есірткі жинап жүрген Алматы облысының үш тұрғынын ұстады. Күдіктілерді жеке тінту және олар мінген “Фольцваген” маркалы автокөлігін тексеру барысында 5 полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, онда жалпы салмағы 3 келі 900 гр “кептірілген марихуана” есірткі заты болған.
Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Облыстық Полиция департаменің мәліметіше,күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.