Бұл туралы Газада орналасқан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Ашраф әл-Кедра хабарлады.
Ресми деректер бойынша, соңғы тәулікте Израиль армиясының Газа секторындағы әуе және жердегі 18 операциясы кезінде 241 палестиналық қаза тауып, 382 адам жараланған.
Сонымен қатар, Ашраф әл-Кедра халықаралық ұйымдарды Газадағы ауруханалар мен медициналық қызметкерлерді, сондай-ақ ондағы жаралылар, науқастар мен босқындарды қорғауға көмектесуге шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Нетаньяху Газа секторының солтүстігіндегі Израиль қорғаныс күштерінің (IDF) позицияларында болып, олардың қолбасшыларымен сөйлескен болатын.
Олардың барлығы (израильдік әскерилер, – ред.) менен соңына дейін соғысуды сұрады. Сондықтан әскердің өтінішін ескеріп, шабуылдауды одан әрі жалғастырып, күшейтеміз. Бұл соғыс ұзаққа созылады. Жақын арада аяқталмайды, – деді ол.