417
Өскемен қаласында шенді әскери қызмет уақытын шегеру үшін сарбаздардан бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді.
Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы жасақтау бөлімінің басшысына қатысты тергеуді аяқтады. Ол әскерге шақырылғандардан әскери мерзімді кейінге қалдырғаны үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді, – деді Арман Тілеукенов.