10 жастағы бала жартастан құлаған

130

Оқиға Алматы облысы Қарасай ауданы Проходное шатқалындағы Терра алаңында болған. Төтеншеліктерге туристер хабарласып, жасөспірімнің жардан құлап кеткенін хабарлаған.

Оқиға орнына лезде жеткен құтқарушылар, тікұшақпен 10 жасар баланы эвакуациялады.

Мамандардың айтуынша, баланың құлауы салдарынан бұғанасының жабық сынуы, бас жарақаты және көптеген дене жарақатын алған. Жасөспірімге алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, шұғыл ауруханаға жатқызу қажеттілігіне байланысты, тікұшақты көтеру туралы шешім қабылданған.

“Қазавиақұтқару” тікұшағы борттағы Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірге оқиға орнына жедел ұшып кетті.

Баланы бортқа көтеріп, Боралдай әуежайына эвакуацияланды. Ары қарай зардап шегушіні АМО автомобилі аураханаға алып кетті.

Алдыңғы пост
Александр Масляков өмірден өтті
Келесі пост
Қарағандыда жеңіл көлік жол апатына түсіп, төрт адам зардап шекті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu